Досым
Досым біздер әр сынақта біргеміз,
Біріксек біз құламайтын іргеміз.
Біз бірге көптеген қиындықтан,
Қайта шығып қайта келіп кіргеміз.
Жүрегімді жаралап кеттің ғашығым,
Сезім нұрын бағалап тулап тасыдым.
Қайдасың жүрегім, қайдасың періштем,
Әлемді аралап таппадым асылым.
Ол сезім барған сайын өседі екен,
Мен оны жан тәніммен сүйіп қалдым.
Жүрекке түрлі ойлар түседі екен,
Махаббаттың отына күйіп қалдым.
Ғашық болдым жанарына көзіңнің,
Сұлулығын сезінемін сөзіңнің.
Сылдыр үнің өн бойымды тербейді,
Күндіз түні ойлайтыным өзіңсің.
Қазақтың жігіттері нар тұлғалы,
Батырдың баласындай әр ұрпағы.
Батылдықты сіңірген өн бойына,
Серілі сегіз өнер мен сұлтаны.
Ғашық болдым қараның сұлуына,
Жол бермеймін сезімнің сууына.
Құшағын құшағыммен қысқан сәтте,
Бөлендім нәзік, тәтті жылуына.
Жаным барда үмітім үзілмейді,
Басқалар ондай жаннан үзіл дейді.
Көбінесе байқаймын, қарап тұрсам,
Сезімдер неге бірге түзілмейді.
Қызық емес сүйдің не, сүймедің не,
Сезім отқа күйдің не, күймедің не.
Әмір жүрмес жүрекке сені сүймес,
Осы сөзден түйдің бе, түймедің бе?
Сұлу өлке әсем ауыл баурайында,
Тал бойында бір міні жоқ қыз бар екен.
Жүрегіңді көздеріммен баурайын да,
Ғашық болған жан жүрегім сыздар мекен.
Көздеріме қарап тұрып күлімдейсің,
Жүрегімді бір жылытып күнім дейсің.
Жүрегімді жүзіңмен тербедің сен,
Жаным менің сылдырлаған үнімдейсің.
Мен бір жанды сүйіп қалдым, ол басқаны,
Ауыр тиді құшағына жармасқаны.
Кеудедегі жүркке қиын екен,
Махаббаттың осылайша жалғасқаны.
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі